Аутсорсинг деген не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері
26.04.2012 |
Қазіргі таңда сәнді сөздер көбейіп барады. Солардың бірі «аутсорсинг» сөзі. Бұл сөзді адамдар әр түрлі мағынада қолданады.

 

 

Аутсорсинг деген не?

 

Аутсорсинг не мағына беретінін анықтап көрейік. «outsourcing» ағылшын тілінен тікелей аударғанда «өшірілген бұлақ» немесе қорларды сырттан тарту дегенді білдіреді.

 

Ресми түрде, аутсорсинг – қарсы жақтағы жалдаушыға  бизнес-функциялардың кейбірін және компанияның бизнес-үрдісінің бір бөлігін беру. Сәйкесінше, «АТ-аутсорсинг» - мекеменің басқару және жеке меншік ақпараттық қорлары қызметінің кейбір функцияларының бөлігін басқа фирмаға беруі.

 

Компания өзге мамандарды алуда қырағылық танытады, себебі құпия ақпараттар таралып кетпеуі керек.

 

Аутсорсинг қызметін пайдаланатын компаниялардағы ақпараттардың тарап кетуінің мәнін анықтаған Digital Research компаниясының зерттеуіне сүйенсек, конфиденциалды ақпараттардың 59% өз ауыздарына ие бола алмайтындардың кесірінен, ал 41% «сатылмалы» қызмет көрсететіндердің арқасында емес, болмашы жағдайлардан тарайтыны белгілі болды, мысалы ноутбуктың және құжаттары бар кейстің жоғалуы. Зерттеулер көрсеткендей, құпия ақпараттардың  кәсіби қызметті көрсететіндерден тарауының деңгейі өте аз.

 

 

Неліктен аутсорсинг?

 

Компанияларды өзге мамандарға жүгінуіне не түрткі болады? Бірінші кезекте, бұл экономикалық біртұтастылық.

 

Қарапайым мысалды қарастырайық. Шағын компанияның  5-30 шақты компьютерден құралатын локальді желісі бар. Сәйкесінше, оған әкімшілік  керек. Компанияның алдында екі таңдау тұрады: әкімші жалдау немесе өзге компанияның қызметіне жүгіну. Қызметші жалдайтын болса, оған: компьютер, телефон, оларды қосатын розеткалар керек. Жаңа қызметкерге кем дегенде:  үстел мен орындық қажет. Ендігі кезекте ол үшін Интернет-канал, коммуналды қызметтер төлемінің бір бөлігі, жалдаған кеңсесіне деген қаражат қажет. Ол үшін салық және демалысқа шығуы үшін ақша төлеу,  мүмкін басқа да әлеуметтік бонустар  беру керек шығар. Жалдамалы қызметкер қаншалықты жақсы болмасын, жыл сайын оның квалификациясын жоғарлату үшін оқуына ақша жұмсау да шарт. Операциялық жүйелерден басқа, қызметкер сауатты түрде қызмет көрсетуі үшін де оқыту қажеттілігі туындайды. Нәтижесінде, 400-500$ айлық алатын әкімші үшін компания екі-үш есе артық қаражат шығындайды. Өзге жақтың мамандарын қолдану, әлдеқайда қаражатты үнемдейді. Басқа себептеріне басшылық тағайындайтын қатал шарттар болып табылады.

 

Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін тиімді құру, жоғарғы квалификацияны және үлкен тәжірибені талап етеді, бұндай қасиет АТ-компаниялардың арнайы мамандарына тән. АТ-қызметінің аутсорсингке қатысты артықшылығы, шығындарды қысқартады, жауапкершілікті бөледі, осындай жобаларды жасаумен және үлкен тәжірибесі бар болғандығы үшін тәуекелді азайтады. 

 

Кемшілігі, өздерінің ақпаратын өзге жаққа сеніп тапсыру. 

 

 

дерекнама